Алматыда автокөлікті минутпен жалға беретін сервис ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Smart City»  жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі  Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобамен танысты.

Итальяндық инвестор Трани Винченцоның айтуынша, бұл жобаның арқасында қала тұрғындары уақыты мен қаржысын үнемдейді.

«Алматыда жаяу жүргінші инфрақұрылымы жаңарып жатыр. Көлік  реформасы жүзеге асуда. Біздің  мобильді қосымшамыз арқылы бос тұрған автомобильге ақы төлеп, алматылық  агломерация аумағында көлікті тиімді пайдалануға болады. Сервис клиенттері  көлікке май құймайды, жумайды, тұраққа ақша төлемейді,  белгілі бір жерге қалдырып кете алмайды», - деді  Трани Винченцо.
null 

Мысалы, жалға алған көлікпен тек қала ішінде ғана емес, қала сыртына Медеуге, Үлкен Алматы көліне, тіпті Қапшағайға дейін баруға болады. Автомобильде автоматты  қосылғыш,  артқы көріністі көрсететін камера, навигатор және климат реттеуші бар.

Қазіргі кезде жобаға 4 миллион евро инвестиция салынған.  «Volkswagen Polо» маркалы 100  автомобиль дайын тұр.

Жаңа жобаның арқасында жұмыс орындары ашылады.

«Алматыда орташа жалақысы 300 мың теңге болатын 50 жергілікті маман жұмысқа тартылды. Жас әрі өте дарынды, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, кезінде «Uber» компаниясында істеген Мұхит Сейдахметовты ерекше атап өткім  келеді. Ол менің орынбасарым, барлық өңірлердегі бизнестің  дамуына жауап береді. Алматыда қаланы трансформациялау  аясында жаяу жүргінші және велосипед  инфрақұрылымы жасалғандықтан келесі жылдан бастап электрлі самокаттар сервисін ашуды қарастыратын болады», - деді инвестор.

Айта кетерлігі, жақында Алматы көлік жүйесін кешенді реформалағаны үшін ақылды қалалардың Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды. Жыл соңына дейін қоғамдық көліктің үлесін 80%-ға жеткізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар