Алматыда автокөлік «жарысы» апатпен аяқталды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы көшелеріндегі түнгі автокөлік «жарысы» қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы Гагарин көшесінің бойымен Қожабеков көшесіне жетпей оңтүстік бағытқа қарай бағыттағы жолда болған

Куəгерлердің айтуынша, Гагарин бойымен  3 автокөлік келе жатады. Ақ жəне қара түсті Nissan GT-R автокөліктері қатарласып жарысады. Олардың алдында «Лада приора» автокөлігі жүрген.  Қара Nissan қарсы бағыттағы жолға шығып Лада көлігін айналып өтпек болады. Алайда рөлді басқара алмай, «Ладаны» соғылып, қатты соққыдан аударылып түседі. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Оқиға тексеріліп жатыр.
nullnullnullnull

Авторы: Арайлым Жолдыбаева

Соңғы жаңалықтар