Алматыда автокөлік үйдің қоршауын қиратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік жер үйдің қоршауын қиратып тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Садовая мен Юсуп Цунвазо көшелерінің қиылысында болған. Садовая көшесімен оңтүстікке бет алған BMW көлігі Цунвазо көшесімен шығысқа бара жатқан Мазда көлігіне жол бермей соқтығысып қалған.

Соққыдан BMW  жол шетіндегі үйдің қоршауын қиратып бірақ тоқтаған.

Жедел жəрдем оқиға орнынан BMW жүргізушісі мен жолаушысын алып кетті.

Жол апатының мəн жайын полиция тексеріп жатыр.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар