Алматыда автокөлік қарияны мерт қылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда автокөлік қарт кісіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Ұлықбек көшесінде болған. Жасы 80-ге таяп қалған қария жолды тыйым салынған жерден кесіп өтпек болған. Hyundai жүргізушісі  тежегішті басып үлгермей, жол апаты орын алды. Соққыдан жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар