Алматыда автокөлік иелеріне арналған халыққа қызмет көрсету орталығы жабылды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы №3 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының мәліметінше, биылғы 19 қыркүйектен бастап Алматы қаласы, Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан №3 мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатты.

«Құлагер» шағын ауданының №3 мамандандырылған бөлімге қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауы себепті бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Осыған дейін Алматыда автокөлік иелеріне арналған 5 МХҚО жұмыс істесе, енді автокөлік иелері қаладағы тек 4 МХҚО-ға жүгіне алады. Олар №1 мамандандырылған бөлім - «Саялы» шағын ауданы, Аққайнар көшесі 1 мекенжайында, № 2 мамандандырылған бөлім - Майлин көшесі, 85, № 5 мамандандырылған бөлім - Түрксіб ауданындағы «Қайрат» шағын ауданы, Құлжа даңғылы, 9 шақырымында және № 6 мамандандырылған бөлім - «Кемел» шағын ауданы Ақсуат көшесі, 118 мекенжайында орналасқан.


Соңғы жаңалықтар