Алматыда автокөлік электр бағанына соғылып, бір адам жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат-Алматыда «Golf» автокөлігі электр бағанына соғылып, салдарынан жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Кеңсай ауданы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Golf автокөлігі солтүстік бағытқа қарай төменге түсіп келе жатқан. Тізгінге ие бола алмаған автокөлік жүргізушісі электр бағанына соғылған. Соққының салдарынан электр бағаны қисайып, көлік ішіндегі жолаушы әйел жарақат алды. Автокөлік иесі дін аман, жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиғаның жай-жапсарын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар