Алматыда автокөлік айналарын ұрлаумен айналысатын топ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда автокөлік айналарын ұрлаған топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол талғамайтын қымбат көліктердің айнасын ұрлауға және сатуға мамандандырылған екі адам ұсталды.

«Арнайы мамандардың күшімен бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 1986 жылы туған азамат ұсталды. Ол қала аумағында автокөлік айналарын ұрлаумен айналысқан және белгілі болғандай, оларды «Кар сити» сауда үйінде сататын орны бар сатушыға сатқан. Жедел іс-шаралар барысында ұрланған заттарды сатып алушы - 1985 жылы туған Т.есімді азаматта ұсталды. Бүгінгі таңда 6 элиталық көліктен, негізінен «Toyota Land Cruiser 200» маркалы жол талғамайтын көліктерден айна ұрлығына «қылмыстық дуеттің» қатысы бар екендігі анықталды. Сатып алушы ұрланған мүлікті өзінің жұмыс орнында сататын болып шықты. Айғақты заттар алынды және қылмыстық істердің материалдарына қоса тіркелді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қазіргі уақытта, күдіктілер қамауға алынды. Олардың үстінен ҚР ҚК-нің 188 және 196-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жыл басынан бері шаһарда айна ұрлығы 2,3 есеге азайған. Бүйірлік айналарды ұрлаумен айналысқан 17 адам ұсталды, ұрланған тауарлардың тағы 41 сатып алушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар