Алматыда автокөлік аударылып қалды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда жолдың қақ ортасында автокөлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Көлік апаты Əл-Фараби көшесінің бойында Желтоқсан мен Сейфуллин көшелерінің тұсында болған. Батысқа бет алған BMW көлігі асфальттің бойында төңкеріліп қалған.  

Аударылған көлік жүргізушісінің сөзінше, онымен  қатар келе жатқан  белгісіз бір көлік бағытын жоғалтып, тайғанай бастаған. Нәтижесінде BMW жүргізушісі рульге ие бола алмай бордюрге соғылып, аударылды.

Оқиғадан зардап ешкім зардап шекпеген.  Полиция көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар