Алматыда АвтоХҚО-лар неге жұмыс істемей тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы қалада АвтоХҚО-лардың әлі іске қосылмауының себебін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 қаңтардан бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады.

Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

«Әзірге Алматы қаласының автоХҚО-лары жұмыс істемей тұр. Себебі, бүлікшілік әрекеттердің осы өңірде көбірек болғаны мәлім. Сондықтан, Алматыдағы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындауға жұмылдырылып отыр. Сол себепті автокөлік иелеріне мамандандырылған ХҚО-ларда қызмет көрсете алмаймыз. Бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Сондай-ақ, ол автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын атап өтті. «Әзірше осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар