Алматыда автобустың кілт тоқтауы салдарынан зейнеткер аяғын сындырып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №405 маршрутында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шегушіге денсаулығына зиян келтірілгені үшін өтемақы төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Досжан- М» көлік компаниясы басшылығының айтуынша, автопарк Айжан Кәрменоваға сақтандыруды күтпестен, медициналық және сауықтыру қызметтерінің ақысын төлейді.

«Сондай-ақ, автобус жүргізушісі 2 бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оған сәйкес жүргізуші куәлігінен айырылады және 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Толықтай айып сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша тағылады. Әзірге Кәрменованы отаға дайындап жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің мобильділік басқармасынан.

Еске салайық, 6 мамырда №405 маршруттың жүргізушісі көлікті кілт тоқтатып, соның салдарынан зейнеткер Айжан Кәрменованың үстіне автобус салонының жолаушылары құлаған еді. Әйелдің аяғы сынды.

Соңғы жаңалықтар