+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Алматыда автобустың артына жабысып алған ер адам видеоға түсіп қалды

2020 жылғы 28 қыркүйек 14:07
Бөлісіңіз:
Алматыда автобустың артына жабысып алған ер адам видеоға түсіп қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы автобустың артына жабысып алып, жол жүрген алматылықты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Видео әлеуметтік желіде тараған болатын.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорған полициясы оқ атқан бұзақыны ізін суытпай ұстады Полиция қызметкеріне қол көтерген адам ұсталды Бір аптада жол апатынан 40 адам қаза тапты – ҚР ІІМ

Бейнероликте ер адамның қоғамдық көліктің артына мінгесіп, алып бара жатқаны көрсетіледі.

Оның әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түсті. Біреулер тегін жүрудің айласы десе, басқалар бұл жүрістің қауіпті екенін айтады.

«Автобустың артына мінгескен жолаушы жол ережесін өрескел бұзған. Бұл адамның өзіне де тікелей қауіп төніп тұр. Басқа да жол қозғалысының қатысушыларына апатты жағдай тудырады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазір жергілікті полиция қызметі бұл дерекпен айналысып жатыр», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT