Алматыда автобустарға ақысыз ауысып мінуге бола ма

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Onay Pay компаниясының директоры Владимир Смирнов автобустан автобусқа ақысыз ауысып міну қаржылық мәселеге тірелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер әкімдік мұндай тарифты қолдайтын болса,  біз оны бір айға шартты түрде енгіземіз. Бір сағат ішінде ақысыз жол жүруге шығынның 30 пайызы жұмсалады. Ай сайынғы 1,5 миллиардтың  жарты милллиардын  кімнен аламыз? Тасымалдаушылардан ба? Жеке бизнестің  жолаушыларды ақысыз тасуы екіталай. Әлде әкімдік есебінен бе? Ендеше әкімдік қаржылық жағдайды шешуге тиіс», - деп жауап берді  В. Смирнов «ҚазАқпарат» тілшісінің жолдаған сауалына.

Оның айтуынша,  «Оңай» жүйесі мұндай  тарифтерді енгізуге ниетті емес.

Бүгін де Алматыда қоғамдық көліктерде дифференциялық тариф енгізілген.  «Оңай» карточкасы мен хабарлама арқылы 80 теңге, қолма қол 150 теңге төлеу керек. Жоспарда  қоғамдық транспорттық терминалдарды қайтару бар. Терминал арқылы төлеген жағдайда жолақысы бұрынғыдай 150 теңге болып  қала береді.

Соңғы жаңалықтар