Алматыда автобустардың соқтығысуынан зардап шеккендер саны 21-ге жетті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендер саны 21 адамға жетті, олардың арасында 1 бала бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 қараша күні түскі сағат 13:59-да жедел жәрдем қызметіне Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында 2 автобустың соқтығысқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына 9 жедел жәрдем машинасы жетті. 21 адам медициналық көмекке жүгінді», - делінген мәліметте.

№4 қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен 6 зардап шегуші жеткізілді, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген медициналық көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Жедел жәрдем ауруханасына 7 адам түсті. Олардың екеуі емдеу мекемесіне жатқызылды, бесеуі амбулаторлық емге жіберілді.

Жалпы қазір әртүрлі ауруханаларға 9 адам жатқызылды, барлығының жағдайы орташа, тұрақты.

2013 жылы туған бала Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағы мен мұрын жарақаты. Бала нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Еске салайық, бүгін Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты. Алғашында полицейлер 1 адамның көз жұмып, 15 адамның зардап шеккені туралы мәлімдеген болатын. Кейін жарақат алғандар саны 17-ге артты.

Аталған дерек бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіп жатыр.


Фото: facebook.com/Гульмира Илеуова


Соңғы жаңалықтар