Алматыда автобустардың соқтығысуынан 1 адам көз жұмып, 15-і зардап шекті - полиция
2022 жылғы 8 қараша, 15:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі автобустың соқтығысуынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлайды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде.
Бүгін Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP