+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда автобустардың бағыты өзгертілді

2021 жылғы 12 наурыз 15:56
Бөлісіңіз:
Алматыда автобустардың бағыты өзгертілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобустардың маршруттық қозғалысы өзгертіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды ШҚО-да жыл басынан бері 160 көлік өртенді

«Алдын ала дерек бойынша 15 наурыздан бастап, №66, 98 маршруттардың қозғалысы өзгертіледі. Олар енді Сәтбаев көшесінен Әуезов көшесіне дейін жүріп, қалалық №12 ауруханаға тоқтайтын болады. №95, 18, 121 маршруттарына қалалық ауруханадағы аялдаманы алып тастады», деді әкімдікте.

Естеріңізге сала кетейік, 6 наурыздан бастап,«Медеуге» дейін баратын №12 маршрутының жүру кестесі ауысты.

Енді оның қозғалысы «Медеу» спорт кешенінен басталып, Достық даңғылы бойынан Абай даңғылына бұрылып, ары қарай Абылай хан даңғылына өтіп, «Алматы-2» теміржол бекетіне жететін болады.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы қоғамдық көлік паркі газбен жүретін жаңа автобустармен толыққаны жайлы айтылған болатын.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты алдағы демалыс күндері, яғни, 13 және 14 наурызда, қоғамдық көліктер мен метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT