Алматыда автобустар соқтығысты: 18 жолаушы дəрігердің көмегіне жүгінген

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Автобустар соқтығысып 18 жолаушы дəрігер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 шілде күні сағат 09.58-де жедел жəрдем стансасы пультіне көлік апаты туралы хабар түсті. Оқиға орнына 10 қызметкер шықты. Сағат 10.06-де жедел жəрдем тобы апат орнына жетті. Қала клиникасына 18 зардап шегуші жеткізілді. Олардың əрқайсысы түрлі жарақат алған. Оларға тексеру жасалып, қажетті медициналық көмек көрсетілді»,- деді басқарманың баспасөз қызметі.

Жараланғандардың 4-уі ауруханаға жатқызылды.

Алғашқы медициниалық көмекке жүгінгендер арасында 3 бала бар. Ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартқандықтан олар жергілікті дəрігердің амбулаторлық қадағалауына тапсырылды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда екі автобустың бетпе-бет соқтығысқандығы туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар