Алматыда автобус жүргізушісінің кесірінен бала жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол ережесін бұзған № 118 автобус жүргізушісінің кесірінен бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жол оқиғасы Назарбаев пен Абай көшесінің қиылысында болған.
№118 автобустың жүргізушісі жол бойында келе жатып, көліктермен жолға таласқан.
Бұл туралы алматылық әйел Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Мемлекеттік нөмірі BF 433 02 болатын №118 автобус жолдағы көліктердің алдын орап отырды. Менің туысқаным, 9 жастағы бала артқы орында отырған болатын. Көлік кенеттен тоқтағанда, ол алдыңғы орындыққа қатты соғылған. Салдарынан баланың мұрнынан қан кетті. Бала қауіпсіздік белдігін тағып отырған. Мен көліктен түсіп, сөйлескім келіп еді. Жүргізуші есікті ашпады», - деді Әсел Есқожа.
Көлікте 11 айлық бала мен анасы болған.
Green Bus ЖШС директоры Бауыржан Кулишев аталған оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
«Көлік жүргізушісі сейсенбіге дейін жұмыстан шеттетіледі. Егер ереже бұзу дерегі расталса, оның әрекеті тәртіптік кеңесте қарастырылатын болады. Жүргізушіге сөгіс жарияланады. Егер 3 сөгіс алатын болса, жұмыстан қуылады», - деді Бауыржан Кулишев.

Соңғы жаңалықтар