Алматыда автобус жүргізушісін ұрған самокатшы оған өтемақы төледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус жүргізушісі мен самокат айдаушы татуласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автопарк хабарлағандай, самокат айдаушы автобус жүргізушісін ұрғаны үшін өтемақы төледі.

«Жүргізуші татуласуға келісім берді. Айыпты жігіт кінәсін мойындады. Біздің қызметкерімізге өтемақы төледі», - деді автопарктен.

Айта кетейік, оқиға 9 шілдеде болған. №99 бағыттағы автобус жүргізушісі мен самокат айдаушы арасында түсініспеушілік туындап, самокатшы жүргізушіні соққыға жыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар