Алматыда автобус жүргізушісі жолға көлденең тоқтап, кептеліс тудырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыда №16-ші автобус маршруты жүргізушісі жолға көлденең тоқтап, жолаушыларын түсірген. Бұл көріністі түсіріп алған куәгер видеоны Инстаграмда жария етті.

Видеоролик авторының айтуынша, автобус жүргізушісі «Сайран» автовокзалы маңында Төле би көшесіне қиғаш көлікті тоқтатып, жолаушыларын түсірді.

Видеодан жолаушылардың кондукторға жол ақысын төлеп түсіп жатқанын көруге болады. Осының кесірінен аталған жол учаскесінде кептеліс болды.

наглец? __ отмечай друзей👇🏻 __ #есьжеяприезжий #каканаесть #атдущи

A video posted by Есьже, я приезжий! (@eap_kz) on Sep 16, 2016 at 4:09am PDT

Соңғы жаңалықтар