Алматыда автобус жолаушысының жарақат алғанына қатысты әкімдік түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус жолаушысының жарақат алғанына қатысты әкімдік түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халиулин көшесімен батысқа бет алып келе жатқан автобус арық торын басып өткен. Сол сәтте арық торы көтеріліп кетіп, автобус еденін жарып шыққан. Соның салдарынан 29 жастағы әйелдің аяғы сынып кеткен.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, жауын суы ағатын торлар мен инженерлік желілердің люктерінің сапасы аудандық әкімдіктердің құзырында.

"Қосымша арық қақпақтарының техникалық стандарттарға сай екендігін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалады. Дәл қазір бұл апаттың себебін дөп басып айту мүмкін емес. Оқыс оқиғаға байланысты аудандық әкімдіктердің көлік басқармаларынан жұмыс тобы құрылады", - деді қалалық мобильділік басқармасынан.

Айта кету керек, оқыс оқиға бүгін Халиулин көшесінде №65 маршрутта болған.

Жапа шеккен әйел Алматы облыстық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар