Алматыда автобус жолаушылары күйіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында жолаушылар автобусының антифриз құбыры жарылып, іштегі жолаушыларға шашыраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоның шынымен де аталмыш қалада болғанын растады.

«Бір науқас № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің денесінің 3 пайызын күйік шалған. Оған дәрігерлер тарапынан алғашқы көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Әрі қарай оның жағдайын тұрғылықты жері бойынша тиісті емхана бақылайды. Екінші науқас ауруханаға жатудан бас тартты», - деп мәлім етті басқармадағылар.

Ақау шыққан автобус «Алматыэлектротранс» тасымалдаушы компаниясыне тиесілі болып шықты.

«Кеше, таңғы сағат 10.00-де №201 маршруттағы автобустың қозғалтқышы қызып, байланысты салқындатқыш жүйе бұзылды. Қазір аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. Автобус сервистік қызметке көшірілді», - деп жазылған компанияның түсіндімесінде


Соңғы жаңалықтар