Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 12 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында болды.

«Sazle 60 маркалы автобусты басқарған жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, Мәметова көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, түрлі дене жарақатын алған адам ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деді полиция өкілі.


Соңғы жаңалықтар