Алматыда автобус тежегіші істемей қалды: 7 адам ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №15 маршрут автобусы апатқа ұшырап, 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізушінің айтуынша, жақында ғана маршрутқа шыққан жаңа автобустың тежегіші істемей қалған.

Шаляпин көшесімен батысқа бағыт алған автобустың жүргізушісі тежегіштің істемей қалғанын аңғарып, көшенің шетімен жүрмекке әрекеттенген.

Алайда, жылдамдықты азайту мүмкін болмағандықтан, автобус жол бойындағы аула сыпырушыны қағып кетіп, жол шетіндегі бетон қоршауға соғылды.

Жол апатынан 6 жолаушы, 1 аула сыпырушы  зардап шекті.

Қазір 7 адам да ауруханаға жеткізілді. Қалалық полиция апат себебін анықтап жатыр.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар