Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 8 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 26 желтоқсан күні «Алатау-1» базары маңында болған. 44 жастағы «Mercedes – Benz» жүргізушісі солтүстік бағытында келе жатып қоғамдық көлікке соқтығысқан.

«Жүргізуші маневр жасау ережелерін дұрыс сақтамай, оңға қарай бұрылып № 27 автобуспен соқтығысты. Салдарынан «Hyundai» маркалы қоғамдық көлік жарық бағанасына соғылып, арыққа түсіп кетті»,- деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан автобустың 8 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алды. Олар жедел-жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар