Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 6 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Оқиға 19 желтоқсан күні Жүргенев пен Жангелдин көшелерінің қиылысында болды.


«Лада Гранта автокөлігінің жүргізушісі Жүргенев көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатып Жангелдин көшесінің қиылысындағы жол белгісін елемей, оңтүстік бағытта келе жатқан Yutong маркалы автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің жүргізушісі және оның үш жолаушысы, сонымен қатар автобустың екі жолаушысы жарақат алды», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі (Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар