Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Достық көшесінің бойында 65 маршрут автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып қалды.

Қоғамдық көлік жүргізушісінің айтуынша, Фольксваген көлігі автобустың алдына шығып кетпек болған. Дұрыс жасалмаған маневрдың салдарынан орта жылдамдықта келе жатқан автобус тоқтап үлгермеді. Қазір оқиға орнында МАИ қызметкерлері жұмыс істеуде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың ешқайсысы жапа шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар