+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, зардап шеккендер бар

2021 жылғы 4 мамыр 17:15
Бөлісіңіз:
Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, зардап шеккендер бар, бар деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда трассасында 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті БҚО-да түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам мен 39 жылқы жанып кетті ШҚО-да жүк көлігі аударылып, 2 адам көз жұмды

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 12:30 шамасында болған.

Yutong маркалы автобусының жүргізуші К. есімді азамат Абай даңғылымен автобус жолағымен шығысқа қарай жүріп бара жатып, солға қарай бұрылғанда сол бағытта келе жатқан Kia Cerato автокөлігімен соқтығысқан.

Соққыдан ары қарай автобус инерциямен тоқтап тұрған Yong Man троллейбусына соғылды.

Жол апатынан троллейбустың екі жолаушысы жарақат алды.

«Олар дене жарақатымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Материал Бостандық аудандық полиция басқармасына жіберілді», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің анықтама басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, 27 сәуір күні Алматыда № 74 бағыттағы «Лиаз» маркалы автобусының жүргізуші Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып темір жол өткелінде тепловозбен соқтығысқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT