Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: 7 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты бүгін сағат 12:36-да Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында болды.

«ЮОТОНГ» маркалы автобустың А. есімді жүргізушісі Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Абылай хан даңғылымен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Абылай хан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта қозғалған «YUONG MAN» маркалы троллейбуспен соқтығысуға жол берді.

Жол апаты салдарынан троллейбустағы үш жолаушы, автобустағы екі жолаушы және екі жүргізуші де зардап шекті.

1966 жылы туған троллейбус жүргізушісі мен 1986 жылы туған автобус жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілді.

Материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісінде», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.




Соңғы жаңалықтар