Алматыда автобус пен көлік соқтығысып, арыққа түсіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, арыққа түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төле би көшесімен бағыт алған №99 бағдарлық автобусы мен Mercedes көлігі шығысқа қарай келе жатқан.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол bus line жолағымен келе жатқан. Сол жағындағы Mercedes көлігі кенеттен автобустың алдын қиып, аулаға бұрылмақ болған. Сол кезде автобус жүргізушісі тоқтап үлгермей жеңіл көлікті соғады. Соның кесірінен екі көлік те арыққа түсіп кетті. Ал автобус ағашқа соғылды.

Жол апатынан автобустың жолаушысы мен кондукторы, Mercedes жолаушысы жарақат алды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері екі адамды ауруханаға алып кетті.

Жол апатының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 4, 2018 at 3:48 PST

Соңғы жаңалықтар