Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты,зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында болған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған мекенжайда №12 қалалық автобусы «Volkswagen» және «Hyundai» көліктерімен соқтығысқан.


«Жол-көлік апатынан бес адам зардап шекті.Үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады басқармадан.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында апаттың себептерін анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар