Алматыда автобус пен бірнеше автокөлік соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кеше түнде бірнеше автокөлік соқтығысып қалды. Апат салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 25 қыркүйекте кешкі сағат 22:40-та Алматы қаласының Жетісу ауданында орын алған.

«БМВ көлігінің жүргізушісі, 1996 жылы туған А. Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жол бойында белгісіз көлікпен соқтығысқан. Одан кейін «БМВ» жолдың қарсы бағытына өтіп кетіп, ақ түсті «Toyota» автокөлігіне соғылған. Кейін шығысқа қарай келе жатқан «LIAZ» автобусымен соқтығысқан. Сонда да тоқтамай, әрі қарай кете берген «БМВ» көлігі батыс бағытта келе жатқан екі «Toyota Camry» көлігімен соқтығысты», - деп түсіндірді Алматы қалалық ПД.

Жол апаты салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның біреуі - бала.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өндіріс аясында тиісті сараптама тағайындалады.

Соңғы жаңалықтар