Алматыда автобус отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда №137 автобус өртенді. Оқыс оқиға туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат  9.21-де Шұғыла шағын ауданында Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Белгілі болғандай, №137 бағдардағы автобустың артқы дөңгелегі жана бастаған.

Өрт 9:39-да ауыздықталып, 09:59-да сөндірілді. Тілсіз жау 20 метр аумақты шарпыды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар