Алматыда автобус өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әл-Фараби даңғылында №32 бағыттағы автобус өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай бүгін, 24 қазанда таңғы сағат 07:00 шамасында болған.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Өрт 25 шаршы метрді шарпыған.

«ТЖД «101» пультіне 24 қазанда таңғы сағат 06:45-те Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында қоғамдық көліктің өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бригадасы № 32 бағыттағы жолаушылар автобусының жанып жатқанын көрген. Жүргізуші өз бетінше өртті сөндіруге тырысқан. Автобустың ішінде жолаушылар болған жоқ. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті 11 қызметкер сөндірді, бір дана техника жұмылдырылды. Өрт сағат 06:57-де ауыздықталып, сағат 07:04-те толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар