Алматыда автобус қызды қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус жаяу жүргінші өткелімен жолды кесіп өтпек болған қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды. Бейнекадрда жол шетінде тұрған қыздың жаяу жүргінші жолағына жүгіріп шыққаны түсіп қалған. Сол сәтте тежегішті басып үлгермеген автобус қызды қағып кетті.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін таңғы 8:30-да Жетісу ауданында болған.

«Лиаз» автобусының жүргізушісі Ә.Жангелдин көшесімен солтүстікке бағытта келе жатып 18 жастағы бойжеткенді қағып кетті. Қыз жаяу жүргіншілер жолымен өтпек болған», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Бойжеткен оқиға орнынан облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бұл деректі қазір Жетісу аудандық ПБ тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар