Алматыда автобус каналға құлап кете жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушылар автобусы жол шетіндегі арыққа түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Ангарская көшесінде, түнгі сағат 22:40-та болған. 

Болған оқиғаға байланысты «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Кулишев түсініктеме берді.

«80-нөмірлі автобус ауысымнан автопаркке Ангарская көшесімен қайтып келе жатқан. Кенеттен бір автокөлік оның алдын кес-кестей бастаған. Соның кесірінен автобус жүргізушісі соқтығысудан қашпақ болып, барып арыққа түсіп кеткен»,- деді Б.Кулишев.

Оқиға куəгерлерінің айтуынша, жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік жақын арадағы каналға құлап кете жаздаған. 

Соңғы жаңалықтар