Алматыда автобус қаққан әйелдің екі аяғы бірдей кесілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда микроавтобус қаққан 61 жастағы әйелдің екі аяғын кесуге тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы туралы түсінік берді.

«Әйел Шұғыл медициналық көмек беру ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетті. Қазір ол аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Екі аяғына ампутация жасауға тура келді. Травамтикалық шок алған. Сол жақ жауырыны сынып кеткен», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы 7-де Алмалы ауданында болды.

«Форд Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Мақатаев көшесімен келе жатқанда Чайковский көшесіне жетпей автобус аялдамасын соққан. Аялдамада тұрған 61 жастағы әйел ауыр жарақат алды.

Соның артынан шетте тұрған «Тойота Камри» көлігін соққаннан соң аударылып кеткен.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді ПД баспасөз қызметінен.



Соңғы жаңалықтар