Алматыда автобус газ құбырын қиратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус газ құбырына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Әйгерім-1 ықшам ауданындағы Сағи Әшімов көшесінде болған.

null  Солтүстікке бағыт алған №45автобус жүргізушісі іргелес көшеден кенттен жүк көлігі шыға келгенін айтады. Соқтығыстан қашпақ болған ол  оң жаққа бұрылады.

nullҚоғамдық көлік жиектастың үстіне шығып, қоршауды жұлып, газ құбырын бұзып кетеді. Оқиға орнына дереу газ қызметкерлері келіп, құбырды жөндеді. Автобус салонында жолаушы болмағандықтан оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Қоғамдық көлік кранның көмегімен жолға шығарылды. 

Соңғы жаңалықтар