Алматыда автобус еденін жарып өткен қақпақ жолаушының аяғын жарақаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобустың еденін тесіп кеткен арық қақпағы жолаушы әйелдің аяғын жарақаттады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті растады.

Полицияның хабарлауынша, бұл оқиға бүгін таңертең № 65 бағдарда болған.

Халиуллин көшесімен батысқа бағыт алып келе жатқан автобус арық торын басып өткен. Сол сәтте ол көтеріліп кетіп, автобус еденін жарып шыққан.

Оқыс оқиғадан көлікте болған жолаушының аяғы зақымданды.

Қазір келіншек Алматы облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Аяғы сынған әйел травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Дәрігерлер оның ахуалы туралы ақпарат таратпай отыр.

Ал оқыс оқиғаның себебін анықтаумен қалалық Полиция департаменті айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар