Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда жолаушылар автобусы бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, 126 бағдардың автобусы Төле би көшесімен шығысқа қарай шеткі жолмен келе жатқан.  Бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтай бастағанда келіп тоқтаған автобус жол шетінде тұрған 24 жастағы қызды оң жақ бүйірімен іліп кеткен.

Соққыдан қыз біршама жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Алматы полициясы бейнекамералардағы жазбаларды зерттеп,  жол апатына кінәлі тұлғаларды анықтауға кірісті.

Соңғы жаңалықтар