Алматыда автобус бірнеше көлікті соқты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық көлік жаппай жол апатын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апатының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда автобустың жол бойында тұрған көліктерді соғып барып тоқтағанын көруге болады. Бірнеше көлік зақымданған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты 20 қазан күні таңғы сағат 05:50-де болған.

«Қоғамдық көлікті 1982 жылы туған Е. есімді жүргізуші басқарған. Ол Мұстафин көшесімен солтүстік бағытта, «Орбита-1» ықшамауданындағы №21 үйге қарама-қарсы тоқтаған кезде, автобустың өздігінен қозғалуына жол берген. Салдарынан қоғамдық көлік жолдың шетінде тұрған бірнеше автокөлікке барып соқтығысты. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған фактіні тіркеуге алып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ»,– деп хабарлады полициядан.



Соңғы жаңалықтар