Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты. Оқыс оқиға бүгін 09:30 шамасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат бүгін, 27 сәуірде сағат 09: 30-да болған.

«№ 74 бағыттағы «Лиаз» маркалы автобусының жүргізуші Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып темір жол өткелінде тепловозбен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ»,- деді Алматы қаласы ДП тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Аталған деректі Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар