Алматыда автобус басып кеткен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус басып кеткен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бойжеткен №7 ауруханаға жеткізілген.

«Науқас №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оң жақ бөксесі мен жіліншігінің еті жыртылып кетіп ауыр жарақат алған. Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бұл оқиға бүгін болған.

Таңғы 8 шамасында 45 маршрут жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезінде жаяу жүргіншіні басып кеткен болатын.



Соңғы жаңалықтар