USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды

2021 жылғы 1 наурыз 18:10
Бөлісіңіз:
Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 27 ақпан күні Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында автобус қағып кеткен әйелдердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында автобус жүргізушілері тапшы Астанада автобус жүргізушілерінің кінәсінен 275 жол апаты болды Елорда автобустарында 222,4 мың адам жолақы төлемеген

«Өткен сенбі күні жаяу жүргіншілер жолында қоғамдық көлік қағып кеткен 1963 жылы туған әйел түнде қайтыс болды» деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 27 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан болатын.

Жол-көлік апатынан бес адам зардап шекті.

Үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезініп, соның салдарынан рөлге ие бола алмай қалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT