Алматыда автобус апатына жүргізуші себепкер болуы мүмкін - полиция

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында болған жол апатына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 1 шілдеде таңғы 06:15 шамасында Райымбек пен Саин көшелерінің қиылысында болған еді.

Қалааралық автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көпірден құлап кетті.

«Автобус Түркістан облысынан келе жатқан. Абырой болғанда, көлікте 3-ақ адам: 2 жүргізуші, 1 жолаушы болған.

Жол апатынан 33 жастағы жүргізушілердің бірі жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілген соң, ауруханаға жатудан бас тартты. Автобустың багажы алмаға толып тұрған. Жол апатының себебі - жүргізуші жолда ұйықтап кетуі мүмкін. Бұл нұсқа жақсылап тексерілетін болады. Екінші нұсқасы жүргізуші жылдамдықты асырып жібергендіктен болуы ықтимал. Бұл дерек қазір Алатау аудандық ПБ әкімшілік тәжірибе бөлімі қызметкерлері тексеріп жатыр. Қажетті сараптама мен зерттеулер ұйымдастырылатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар