Алматыда автобус апаты: зардап шеккендердің ішінде жүкті келіншек болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда  автобус пен Mersedes көлігінің  соқтығысуынан 10 адам зардап шегіп, медициналық  көмекке жүгінген, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау  басқармасының  баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға  орнына  6 жедел жəрдем бригадасы  барған.

"Апат орнында барлығы 10 адам дәрігерлердің  көмегіне жүгінген. Олардың 3-еуі сол жерде үйіне жіберілді. Ал №7 қалалық ауруханаға 4 адам жеткізілді.  Дəрігерлер   жараланғандарды  тексеріп шығып,  3-еуін ауруханаға жату қажеттілігі жоқ болғандықтан,  амбулаториялық ем қабылдауға үйіне қайтарды. Бір пациент бірнеше сынықтармен  жансақтау  бөліміне  жатқызылды",- деді  баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, орталық  ауруханаға  екі  адам  түскен. Аурухана  дəрігерлері  пациенттерді  тексеріп, оларды  амбулаториялық  ем қабылдауға  үйіне қайтарды.

Одан бөлек Перинаталогия жəне балалар кардиохирургиясы орталығына жеткізілген  жүкті келіншек те ауруханаға жатудан бас тартты

Айта кету  керек, оқыс оқиға бүгін Абай Саин көшесінде болған еді. Номер 38-автобус пен Mersedes  көлігінің  соқтығысуынан  10 адам зардап шеккен. 

Соңғы жаңалықтар