Алматыда автобус апатқа ұшырап, 4 адам жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен Porshe Cayen соқтығысып, 4 автобус жолаушысы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Өтеген батыр мен Қабдолов көшесінің қиылысында болған.

Жеңіл көлік Өтеген батыр көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатқан. Жүргізуші әйел оңға бұрылып, автобус жолағын қиып өтпек болып, қарағанда қоғамдық көлік алыста келе жатқан.
null 

Бірнеше секунд арасында автобус жолдан өтпек болған Porshe Cayenді соғып кетті.

Жол апатынан №63 маршрут автобусының 4 жолаушысы, оның ішінде 7 жастағы бала жарақат алды. Оларды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.
null 

Жол апатының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

null  

Соңғы жаңалықтар