Алматыда автобус апатқа ұшырап, 14 адам жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №303 автобус апатқа ұшырап, 14 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова хабарлады.

Келеңсіз жағдай бүгін Хмельницкий мен Майлин көшелерінің қиылысында орын алған. Жүргізуші рульге ие бола алмай, автобус жол шетіндегі бағанға соғылған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат туралы хабарлама құтқару қызметіне күндізгі сағат 11:58-де түскен.

«Құтқарушылар кабинадан қысылыс қалған жүргізушіні шығарып алды. Қалған 13 жолаушы да түрлі дене жарақаттарымен қалалық №4, 5,7, орталық, облыстық ауруханаларға жеткізілді», - деді Г.Нөкербекова.

Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган қызметкерлері анықтауда.

Соңғы жаңалықтар