Алматыда Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының бірінші отырысы өтіп жатыр

None
Фото: t.me/caa_kaz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ИКАО Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының бірінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобы – қатысушы мемлекеттерге ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын сапалы енгізуге, өзара ақпарат алмасу және бір-біріне қолдау көрсету арқылы авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге қолдау көрсетудің тиімді тетігі мәселелері жөніндегі кеңесші орган.

27-28 сәуірдегі отырысқа Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның авиациялық билік өкілдері қатысып жатыр. Онда үйлестіру тобына мүше мемлекеттердің ортақ артықшылықтарына қол жеткізуге бағытталған әлеуетті арттыру, бірыңғай саясатты (жоспарды) әзірлеу, оның ішінде Орталық Азия өңірі мен Кавказда ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді және уақтылы енгізу, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының төрағасын, тең төрағасын және хатшысын сайлау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының ережесі бекітіледі.

Бұл іс-шара – Орталық Азия өңірі мен Кавказ елдерінің Қазақстанның бастамасымен жаңа қауіп-қатерлерге бағытталған екінші кездесуі. Авиациялық қауіпсіздік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар АҚШ-қа тікелей рейстердің ашылуына да ықпал етеді.

Үйлестіру тобы ИКАО авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаһандық жоспары аясында азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау жүйесін жақсарту бағытында қатысушы елдердің авиациялық әкімшіліктері арасындағы жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін тағы бір қадам болады.

Айта кетсек, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының төрағасы болып ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев сайланды.


Соңғы жаңалықтар