Алматыда ауыр техниканың астында қалған құрылысшы мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бетонараластырғыш техника құрылысшыны басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Абай мен Брусиловский көшесінің қиылысындағы салынып жатқан құрылыс нысанында болған. Кранның арқаны үзіліп кетіп, ауыр бетонараластырғыш техника жұмысшылардың үстіне құлап кеткен.

Соның салдарынан бір құрылысшы жігіт жан тапсырды.

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жігіт жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Марқұмның денесін ауыр техника жаншып тастаған.
null null null

Соңғы жаңалықтар