Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4-5 ақпанда Алматының 5 ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы демалыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Алматы облысының шаруа қожалықтарының және Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкелер мына мекенжайларда орналасқан:

Алмалы ауданы (Гоголь көшесі - Масанчи көшесі);

Бостандық ауданы (Қазақфильм шағын ауданы);

Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесі);

Медеу ауданы (Меңдіқұлов көшесі - Бектұров көшесі және Шевченко көшесі - Қонаев көшесі);

Түрксіб ауданы (Жұлдыз шағын ауданы).

Жалпы 250 тонна өнім әкелінеді. Олар - 40 тоннасы ет өнімі, 130 тоннасы жеміс-көкөніс, 15 тонна сүт өнімдері, 5 тонна балық өнімдері, 60 тоннасы өзге де өнімдер.


Соңғы жаңалықтар